Әлем

Әуежайда тауықтың ішіне жасырылған тапанша табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Флорида әуежайының қауіпсіздік қызметінің мамандары багажды тексеру кезінде тауықтың ішінен тапанша тапты. Бұл туралы Әуежай қауіпсіздігі әкімшілігінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kaz.tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Көңілдерін қалдырғымыз келмейді, бірақ суық қаруды тауықтың ішіне жасыру - уақытты текке жұмсау», - деп жазды ведомство өкілдері Twitter желісіндегі ресми парақшасында.

Қару Форт-Лодердейл халықаралық әуежайынан табылды. Ведомство өкілдері тапаншаны кім алып өткенін айтпаған.