Bugin
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов тексеру қорытындысына сәйкес шешім қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Руслан Жақсылықов казиноға барған әскери қызметкерлерге қатысты пікір білдірді
«Онда қызметкерлер емес, әскери күштердің әскери қызметшілері бар. Қазір олардың әрқайсысы бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Тергеу қорытындысына сүйеніп, мен олардың одан әрі қызметті жалғастыруына қатысты шешімді қабылдаймын. Алдымен тергеуді жүргізіп алайық», – деді министр Сенат кулуарында.
Сондай-ақ ведомство басшысы олардың казинода көп ақша жұмсамағанын айтты.
Әскери қызметшілер бойынша сома аз, – деді министр.
Еске салайық, Алматы облысы прокуратурасы мемлекеттік қызметкерлердің 507 миллион теңгесін құмар ойынға жұмсағанын хабарлаған еді. Прокуратура дерегіне сәйкес, 305 мемлекеттік қызметкер казиноға барған.
Бұған дейін қорғаныс министрлігі казиноға барған қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Қаржы мониторингі агенттігі ақпарат расталса, қызметкерлеріне қатысты тиісті шара қолданылатынын мәлімдеді.
Құмар ойындарға қатысу фактілері анықталған қызметкерлерге қатысты «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Заңнамасының талаптарына сәйкес тәртіптік сипаттағы шаралар қабылданған.