Bugin
Бейсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасы аумағының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, қар жауады. Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі, солтүстікте, шығыста көктайғақ болады, солтүстікте, шығыста, орталықта жел күшейіп, аздаған бұрқасын болады», - делінген хабарламада.
Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз 0-2.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде -1-3 аяз, күндіз +4+6.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде кей уақытта тұман.
Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде -2-4, күндіз +9+11.
Ақмола облысының батысында және солтүстігінде қар жауады. Күндіз -3+2, түнде 0-5.
Алматы облысының тауларында тұман. Күндіз +2+7, түнде -1-6.
Жетісу облысында түнде тауда қар жауып, тұман түседі. Күндіз +1+6, түнде -1-6.
Түркістан облысында түнде оңтүстікте және батыста тұман түседі. Күндіз +8+13, түнде -4+1.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын болмайды деп болжануда. Күндіз +2+7, түнде 0+5.
Атырау облысында түнде батыста және шығыста аздаған қар жауады. Күндіз +2+7, түнде -3+2.
Маңғыстау облысында түнде солтүстікте тұман. Күндіз +6+11 (солтүстікте +3), түнде +1+6 (солтүстікте -2).
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі. Күндіз -2+3 (оңтүстікте +6), түнде 0-5.
Қостанай облысында күндіз батыста, солтүстікте және шығыста қар жауады, түнде батыста және солтүстікте қар жауады. Күндіз -2+3, түнде -1-6.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар жауады, түнде батыста және солтүстікте қар жауады. Күндіз және түнде -3+2
Павлодар облысында күндіз солтүстікте қар жауады, түнде шығыста аздаған қар жауады. Күндіз -3+2, түнде -2-7.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында қар жауады. Күндіз -3+2 (оңтүстікте +5), түнде -1-6 (шығыста -10).
Шығыста Ұлытау облысында тұман. Күндіз 0+5, түнде 0-5.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауады. Күндіз -3+2 (солтүстік-шығыста -6), түнде -2-7 (солтүстік-шығыста -12).
Абай ауданында күндіз солтүстік пен батыста көктайғақ, түнде оңтүстік пен батыста қар жауады. Күндіз -3+2 (оңтүстікте +5), түнде -3-8.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман. Күндіз +3+8, түнде -4+1.
Жамбыл облысында түнде тауларда тұман. Күндіз +3+8, түнде -3+2.
«Алдағы бірнеше тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы өзендердің көпшілігінде су құрамының ауытқуы байқалады, жауын-шашын болжамына байланысты кейбір таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін», - деп ескертті синоптиктер.