Bugin
«Бурабай Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас есепшісі, директордың орынбасары және жеке кәсіпкер бюджеттен 101 миллион теңге жымқырған. Бұл - жылу қазандықтарын, желілерді жөндеуге бөлінген қаржы, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Бас есепші сыбайластары арқылы қаражатты қолма-қол ақша етіп алады. Кейін оны АҚШ долларына ауыстырған. 76 миллион теңгені Солтүстік Кипрде жылжымайтын мүлік алу үшін құрылыс компаниясының түркиялық банктегі шотына аударған.
Соттың шешімімен барлығы қылмыстық кодекстің 189-ыншы бабы бойынша кінәлі деп танылды. Шығын толық өтелді.