БІЛІМ
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы зияткерлік мектептің 4 оқушысы да NIS-тің желілік ғылыми жобалар олимпиадасынан жүлдемен оралды.
Гуманитарлық бағыт бойынша ғылыми жұмыс қорғаған оқушылардың барлығы жүлделі 3-орын иеленген.
Олардың алғашқысы Гүлайым Жексенбек жетекшілері Бақыт Амалбекова және Гүлжамиля Сүлейменовамен «Патриоттық тәрбие беруде Б.Момышұлының шығармаларының маңызы» тақырыбында жасаған зерттеу жұмысы, Зере Рыстанбектің жетекшісі Данияр Байтуреевпен «Шөген ұлттық ойынының тарихы мен дамыту жолдары» жазған жұмысы, Бағдар Нұржабаевтың Динара Алимкуловамен жазған «Comparative study of idioms about personality in English and Kazakh languages» зерттеулері қазылар алқасынан жоғары бағаланып, жүлдегер атанды.
Эссе жазуы секциясы бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бекжан Көпбосыновтың оқушысы Оралхан Абдужаппардың «Туған жер - тұғырым» шығармасы да жүлделі 3-орыннан көрінді.