БІЛІМ

Миллиардер болуыңызға көмектесетін 9 кітап

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кітаптардың сандық көшірмелері мен олардың аудио нұсқаларын таратумен айналысатын blinkist.com сервисі SpaceX және Tesla негізін қалаушы Илон Маск ұсынған кітаптардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Тізімге, порталдың айтуынша, өмірді өзгертуге көмектесетін тоғыз кітап енген. Масктың ең сүйікті кітаптарының қатарында Уолтер Айзексон жазған Apple компаниясының негізін қалаушы Стив Джобстың өмірбаяны бар.

Сонымен қатар Стюарт Расселдің «Жасанды интеллектіні қалай басқаруға болады?» деген фантастикалық шығармасы және автор Питер Тиль мен Блейк Мастерстің «Нөлден бірге: болашақты өзгертетін стартапты қалай құруға болады?» атты көркем әдебиеті кірген.

litres.ru

litres.ru

litres.ru

Сондай-ақ тізімде Наоми Орескес пен Эрика Конуэйдің «Күмән сатушылары», Макс Тегмарктың «Өмір 3.0. Жасанды интеллект дәуірінде адам болу», Шон Кэрролдың «Әлем. Тіршіліктің пайда болуы, біздің болмысымыздың мәні және ұлы ғарыш» кітаптары да бар. Сэм Харристің «Өтірік», Ник Бостромның «Жоғары сана: жолдар, қауіптер, стратегиялар» және Адам Смиттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу» кітаптары да миллиардердің оқуға ұсынатын кітаптары.