Bugin

«Жемқорлардан тәркіленген қаражат қайда жұмсалады» - Смайылов жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов жемқорлардан тәркіленген ақшаның мектеп құрылысына бағыттау жұмыстары қалай жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сенатта журналистер сұрақтарына жауап берген премьер-министрдің айтуынша, сыбайлас жемқорлықтан алынған ақшаны аудару үшін Қаржы министрлігінде арнайы бөлек шот қарастырылған.

«Қазірдің өзінде шамамен 50 миллиард теңге түсті, жақын арада бұл сома 100 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл қаражат орын тапшылығы бар және үш ауысымда білім беретін, сондай-ақ апатты жағдайдағы мектептері бар өңірлерде жаңа нысандар салуға бағытталады», - деді Әлихан Смайылов.

Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі тиісті құжаттаманы дайындап жатыр.