Әлем
Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға басып кіру туралы шешімі Ресей үшін «стратегиялық апат» болды, бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрінің орынбасары Колин Каль мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оның айтуынша, Путин «арнайы операциясымен» арқылы Ресейдің әлі де жойқын қарулы күштері бар әлемдік держава екенін дәлелдегісі келді. Украинаны жеңу арқылы Ресей көршілерін бір сілкінтіп, керек десеңіз өз еркіне бағындыруға мүмкіндік берер еді. Бірақ «Путин сәтсіздікке ұшырады. Ресей бұл соғысқа таудай болып кіріп, тарыдай болып шығады», - деп атап өтті Каль.
«Путин сонымен бірге соғыс батыс елдерін ыдырататынына сенді, алайда Украинаға жасалған шабуыл кері әсерін берді. НАТО-ның бірлігі бұрынғыдан да нығая түсті. Біз Швеция мен Финляндия альянсына кірудің алдында тұрмыз, бұл оны Ресейге қарағанда әлдеқайда күшті етеді», - деп атап өтті әскери қызметкер.
Бұған дейін Ресейдің Украинаға басып кіруін Біріккен штаб бастықтарының төрағасы генерал Марк Милли «үлкен стратегиялық қателік» деп атаған болатын. Оның айтуынша, Ресей қазірдің өзінде 100 мыңнан астам сарбазын мерт қылды және бұл қақтығыс әлі біраз уақыт жауап береді.