Bugin

Қонақүй ауласында жүрген екі жасар баланы иттер талап қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аустралияда екі жасар бала қонақүйдің артқы ауласында иттердің шабуылынан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Mirror сайтына сілтеме жасап.

Аустралиялық отбасы - Кеша Поллард екі жасар ұлы Джейдон және екі қызымен бірге Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының Каура қаласындағы қонақүйге тоқтаған. Отбасы туыстарының айтуынша, балалар аулада иттермен жиі ойнаған. Алайда 8 қарашада таңғы уақытта неге екені белгісіз, екі ит баланы талап тастаған.

Джейдонның мойыны, беті және саусағы қатты жараланған бойда Каура ауруханасына жеткізілген. Содан соң тікұшақпен Сиднейдегі Батыс ауруханаға апарады. Алайда оны аман алып қала алмады. Ротвейлер мен қой бағатын ит Country Gardens Motor Inn мотелінің персоналына тиесілі екені айтылады. Қазіргі уақытта жануарларды жергілікті билік қамап қойды.

Кейбір мәлімет бойынша, оқиға анасының және екі әпкесінің көзінше болған. Ал басқа дереккөзде иттер балаға қонақүйдің артында шабуылдағандықтан, ешқандай куәгер болмағанын жазады.