Bugin
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев іссапармен Өзбекстанға барды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды.
«Әуежайда Қазақстан президентін Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов күтіп алды» делінген хабарламада.