Bugin

Қызылорда қаласында екі жасөспірімге іздеу салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда қаласында 2 жасөспірім қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қызылорда қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 жастағы Жансұлу Асанова мен 16 жастағы Арнұр Тыныштыбай үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. 

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуға болады» делінген хабарламада.