Bugin

Атырау облысында «ерекше» сый алған шенеунік елдің сынына ілікті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәслихат депутаты мемлекеттік ту оралған жылқыға мінгені үшін әлеуметтік желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Atyrau Press сайтына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, «ерекше» сый шенеуніктің 63 жас туған күніне орай тартылған. Желіде сынаушылар осы құрметтің тым шектен шыққанын жазған.

ШУ болған оқиға туралы аудандық әкімдіктегілер түсініктеме берді.

«Бұл сыйлық ардагерлер кеңесінің қоғамдық бірлестігі атынан, сондай-ақ Құрманғазы ауданының Еңбекші ауылдық округі тұрғындарының атынан жасалды. Туған күн иесіне құрмет ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының элементтері бар арнайы шапан жабылды» делінген жазбада.

Сондай-ақ қызметкерлер бұл шапанның үй жануарларына арналған дүкеннен сатып алынғанын атап өтті.