Әлем
Америкалық әскерилер Ресейдің Херсоннан әскерін шығаратынына куәлік етеді. Бұл туралы АҚШ-тың Біріккен штаб басшыларының төрағасы Марк Милли мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN сайтына сілтеме жасап.
«Көз алдымызда Ресей әскері Херсоннан кетіп қалады. Біз әлі осы процестің басталуын көреміз. Бұл туралы кеше Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеді», - деп растады генерал Милли.
АҚШ-тың есебі бойынша, соғыс басталғалы бері Ресей Қарулы күштерінің Украинада 100 000-нан аса сарбазы жараланып, қаза тапқан. Генерал сонымен қатар қайтыс болған бейбіт тұрғындардың саны шамамен 40 000 екенін атап өтті.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден Мәскеудің Херсоннан шегіну туралы бұйрығын «Ресей әскери күштерінің нақты проблемасы бар екенінің дәлелі» деп атаған. Ол демократтар мен республикашылар аралық сайлаудан кейін Украинадағы Ресей агрессиясына қарсы тұруды жалғастыра алады деп үміттенді.
9 қарашада Ресей қолбасшылығы Херсон мен Днепрдің оң жағалауынан әскер шығарылатынын жариялады. Украинадағы ресейлік топтың қолбасшысы Сергей Суровикиннің айтуынша, Ресей Херсондағы әскерді толықтай қамтамасыз ете алмаған. Сондықтан олар үшін сол жағалауда қорғанған дұрыс шешім болмақ.
Осы тақырып төңірегінде Bloomberg сайты есімі жасырылған батыс шенеунігінің жазбасын жариялады. Басылым дерегінше, Ресей әскерінің Днепрдің оң жағалауынан Херсон облысына барғаны Украина Қарулы күштеріне жақсы мүмкіндік беріп тұр. Нақтырақ айтсақ, Қырымдағы «құрлық көпірін» – Херсон – Армянск, Херсон – Мелитополь және Мелитополь – Джанкой трассаларын атыс бақылауына алуға мүмкіндік береді. Олар арқылы Ресей әскері Украинаның оңтүстігі мен Қырымға жете алады.
«Алайда Киев Қырымға ауқымды шабуыл жасай алмайды. Қырымға Украина әскерінің өтуіне шекарадағы күшейтілген қорғаныс кедергі болады» делінген мақалада.
Қазір Ресей ескі жертасаларды қалпына келтіріп, жаңасын қаза бастады.