Bugin

«Қонаев-Алматы» бағытындағы пойыз іске қосылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін таңғы сағат 06.00-ден бастап «Қонаев-Алматы» бағытындағы №6906/6907 пойызы іске қосылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Қазақстан Темір Жолы» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл пойыз күн сайын Қонаевтан сағат 06.00-де, ал Алматы станциясынан сағат 19.00-де жөнелтіледі. Жол жүру уақыты - 1 сағат 17 минут. 

«Осы маршрутты қаржыландыру Ұлттық тасымалдаушы есебінен ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп, осы бағыт бойынша тасымалдаушының шығыстарын субсидиялауға 2023 жылға арналған тендер өткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

Жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы облысына жұмыс сапары барысында аймақтың көлік-логистикалы әлеуетін арттыруға қатысты тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр.