Bugin

Елімізде дәрігерлердің жалақысы қалай өсетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Келесі жылы дәрігерлердің жалақысы тағы 35 пайызға артады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Сондай-ақ әкім Instagram желісінде орта персоналдың жалақысын 10 пайызға арттыру жоспарланып отырғанын жазды.

«2020 жылдан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 60 пайызға, орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға өсті. Келесі жылы дәрігерлердің жалақысын тағы 35 пайызға, ал орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысын 10 пайызға арттыру жоспарланып отыр», - деп жазды елорда әкімі.