Әлем
Бейсенбіде Мальдив астанасы Маледе өрт болып, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Сайт мәліметінше, өрт гараж ғимаратының бірінші қабатында болды. Ал екінші қабатта мигрант жұмысшылар тұрған. Жергілікті полицейлер қызметкерлердің Бангладеш, Үндістан және Шри-Ланкадан келгенін айтады.
Өрт сөндірушілерге жалынды сөндіру үшін бірнеше сағат қажет болған. Өрт сөндіру және құтқару қызметі ғимараттан 28 адамды шығарғанын және 10 адам қайтыс болғанын хабарлады. Зардап шеккендердің жағдайы нашар екені жайлы да ақпарат бар.