Bugin

Бүгін президенттікке үміткерлер теледебатқа қатысады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде ел президенттігіне кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері қатысатын телевизиялық дебат көрсетіледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Арна дерегінше, теледебат 11 қарашада сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өтеді.

Регламентке сәйкес, теледебат төрт раундтан тұрады. Бірінші раундта қатысушылар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыт-бағдарын таныстырады. Екінші, «Пікірсайыс сессиясы» раундында әр қатысушы өзі таңдаған екі оппонентіне бір-бір сұрақтан қояды.

Үшінші раунд - «Сайлаушылардың сұрақтары». Бұған дейін ел азаматтары кандидаттарға бір минуттан аспайтын сұрақ жазып, телеарна поштасына жіберген. Теледебаттың осы кезеңінде сол сұрақтардың кездейсоқ біреуі қойылады. Ал төртінші раундта қатысушылар сайлаушыларға арналған өз үндеуін жасайды.