Әлем

АҚШ TikTok-қа тыйым салуды ұсынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Республикашыл заң шығарушылар сенатор Марко Рубио мен депутат Майк Галлахер АҚШ-та TikTok әлеуметтік желісіне тыйым салуды ұсынды, деп хабарайды Bugin.kz порталы The Washington Post газетіне сілтеме жасап.

Олардың ойынша, аталмыш әлеуметтік желі арқылы Қытай Коммунистік партиясы (ҚКП) америкалықтарға ықпал етіп, бақылай алады. СаясаткерлерTikTok-тың ByteDance компаниясына тиесілі болғанымен, Қытайда бірде-бір компанияны толығымен жеке деп санауға болмайтынын айтады.

«ТикТок - қазірдің өзінде Құрама Штаттардағы ең танымал медиа-компаниялардың бірі. Осылайша ол Қытай Коммунистік партиясына әлем бойынша миллиард пайдаланушыны, соның ішінде америкалық жасөспірімдердің үштен екісін бақылауға бірегей мүмкіндік береді», - деді республикашылар.

Сондай-ақ мәтінде TikTok-ты АҚШ шенеуніктері туралы «құпия деректерді жинау» және «бопсалау немесе тыңшылық мақсатында АҚШ-тың миллиондаған тұрғындары туралы деректер жинау» үшін пайдалануға болатыны айтылған.

Мақала авторлары жақын арада Қытай билігі бақылайтын елдегі TikTok пен басқа да әлеуметтік желілерге тыйым салу туралы заң жобасын ұсынуға уәде берген.