Bugin
Алматыда «Барахолка» базарларының бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство 11 қарашада сағат 10:56-да Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданындағы 7 «Б» мекенжайына өрт сөндіруге барғанын мәлімдеді.
«Кептеліске қарамастан, алғашқы бригада 8 минутта жетті. Өртсөндірушілер барғанда, контейнер жанып, айнала қою түтін болған. Күштер мен құралдар дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт саптамаларын, газ және түтіннен қорғау қондырғыларын әкелді» делінген хабарламада.
Қызмет адамдардың бар-жоғына барлау жүргізді. Жағдай бейнебақылау камералары арқылы бақылауға алынды.