Әлем

Белгісіз ер адам полиция қызметкеріне пышақ салып өлтірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Брюссельде белгісіз ер адам полиция қызметкеріне пышақ салып өлтірді, ал оның әріптесі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қаскүнемді оқиға орнына келіп жеткен қосымша күштер ұстап, оны да ауруханаға жеткізді. Белгілі болғандай, ер адам теміржол вокзалы маңында кезекшілікте жүрген тәртіп сақшыларына шабуыл жасаған. Жергілікті БАҚ бұл әрекеттің лаңкестік актісі болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Le Soir басылымының жазуынша, күдікті шабуылдан бірнеше сағат бұрын комиссариаттардың бірінде полицияны өлтіремін деп айқайлап жүрген. Бельгияның федералды прокуратурасы тергеу жүргізіп жатыр. Лаңкестік актісі нұсқасы әлі ресми түрде расталған жоқ.

Корольдік премьер-министр қайтыс болған полицейдің туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен әріптесінің сауығып кетуін тіледі.