Bugin

Қарттар үйі: Мекеме директоры қариялардың зейнетақысын ұрлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарағанды облысы Абай қаласында қариялардың зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлаған қарттар үйінің директоры 2 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Qamqor» жедел алдын алу шарасы аясында қарттар үйінің қамқорлығындағы 90 адамның қаражатын ұрлау фактісін анықтаған. Оның ішінде 30 мүгедек және 60 зейнеткер бар.

«Айыппұлдан басқа, директорға өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс жасауға тыйым салынады» делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ КММ-нің әлеуметтік жұмыс жөніндегі екі маманына Евстафьева М. мен Лимарева Ю. және Абай қаласының Қазпошта бөлімшесінің қызметкері Брушневскаяға Л. өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан сенімді алдау және теріс пайдалану жолымен өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін үкім шығарылды.

Олар кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Жазаны өтеудің мерзімінде мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, пробациялық бақылау белгіленді.