Bugin

Семей полигонынан зардап шеккендер 45 жастан зейнетке шығуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтар енді зейнетке 45 жастан бастап шығуы мүмкін. Егер қоғам тарапынан сұраныс болған жағдайда, 1992 жылғы полигон туралы заңға өзгеріс енгізілмек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Семейде өткен үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесуінде айтты. 

Министрдің сөзінше, қазіргі кезде Денсаулық сақтау және Экология министрліктерінің өкілдері Семейде ядролық сынақтан зардап шеккен тұрғындардың денсаулығын бақылап, зерттеу жүргізіп жатыр.

«Заң өз орнында қалады. Екіншіден, өзгеріс қажет болса, арнайы институттар өз ұсыныстарын беретін болса, әрине, өзгерістер енгізіледі. Заңға сәйкес Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар 45 жастан зейнетке шығады», - деді Дүйсенова.