Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда автобус апатына қатысы бар жүргізуші қамауға алынды. Жол апаты салдарынан бір адам қаза тапқан еді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Алматы қаласы тергеу сотының қаулысымен 11 қараша күні сотқа дейінгі тергеу органдарының күдікті А-ға қатысты 2 айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші санкцияланды. Күзетпен ұстау мерзімі 2023 жылдың 9 қаңтар күніне дейін белгіленеді»,- деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.
Еске салайық, 8 қараша күні Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.
Соңғы мәлімет бойынша, медициналық көмекке 21 адам жүгінген, оның 9-ы ауруханаға жатқызылған.
Сондай-ақ «Алматыэлектрокөлік» ЖШС Алматыда соғылған автобустардың тежегіші істен шықты деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61