Bugin

«Қазақтар мүлде болмаған» : көптің ашуына тиген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақ хандығы мүлде болмағанын, «қазақтардың арғы атасы қытайлар» екенін айтқан қарағандылық әйелдің жеке басы анықталды. Бұл туралы Қарағанды облысы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әйелге қатысты «Тіл тигізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тексеріс кезінде әйелдің жеке басы анықталды. Бұл факт ҚР ҚК 131 бабы «Тіл тигізу» бойынша қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілерімен Қарағанды қаласы Орталық полиция бөлімінде ақпаратты тіркеу кітабында тіркелді»», - делінген полиция таратқан хабарламада.
Материал тиісті шара қабылдау үшін Қарағанды қаласы Қазыбекби аудандық сотына жолданды.
  Еске сала кетейік, Қазнетте көшеде кетіп бара жатқандардан Қазақ хандығы қашан құрылғандығы туралы сауалға жауап берген әйелдің сөзі қызу талқыға түскен болатын. Әйел видеода «Қайдағы хандық? Тарихта қазақтар болмаған, қазақтар қытайлардан тараған» деген болатын.