Әлем

Әлемдегі ең биік әйел алғаш рет ұшаққа мінді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

  Әлемде өмір сүріп жатқан адамдар арасында ең биік әйел саналатын Румейса Гелги Түркиядан АҚШ-қа ұшатын рейске отырды. Осылайша ол ерекшеліктері бар адамдар үшін рейстердің қол жетімділігін дәлелдеп, әлем әуекомпанияларының назарын аудартты, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN.com сайтына сілтеме жасап.
25 жастағы Румейса Гелгидің бойы 215 сантиметр болғандықтан, әуекомпания оны отырғызу үшін ұшақтағы бірнеше орындықты алып тастаған. Осылайша Гелги Ыстамбұл қаласынан Калифорнияға дейін 13 сағаттық ұшу кезінде зеңбілмен ыңғайлы барған.

Фото: actualno.com

Фото: actualno.com

Гелгидің бойының ерекшелігі Уивер синдромының салдарынан болған. Бұл сирек кездесетін синдром әсерінен сүйек өсе береді. Айта кету керек, әлеуметтік желіде қыз бала өз оқиғаларымен бөлісіп тұрады.