Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚостанайда аяғы ауыр әйел ауруханада көз жұмды. Марқұмның артында үш баласы қалған. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін барлық шараны жасағандарын айтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, емдеу орнында ажал құшқан келіншек өз бетінше емделем деп ауруын асқындырып алған. Қазан айының басында қатты сырқаттанған науқас жедел жәрдеммен жеткізілген. Бірақ ол бірнеше рет қолхат жазып, үйіне шығып кеткен. Үшінші рет келгенде денсаулығы күрт нашарлаған.
Аурухана қызметкерлері 31 жастағы Роза Муслиманованың үнемі бақылауда болғанын айтады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай облысында осымен екінші жүкті әйелдің өлімі тіркелген. Қазіргі уақытта тиісті органдар тексеру жүргізіп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61