Спорт

Бокстан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық қыз чемпион атанды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Амманда бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Жайна Шекербекова мен Карина Ибрагимова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Иордания астанасындағы құрлық біріншілігінде 54 келіде сынға түскен отандасымыз финалда тайландтық Жуматас Житпонгпен кездесіп, басымдықпен жеңіске жетті. Ал 57 келіде Карина Ибрагимова финалда жапониялық Ирие Сенадан басым түсті.

Шымкенттік боксшы Жайна Шекербекова жартылай финалда тайваньдық Хуан Сяо Веньді 5.0 есебімен ұтса, ширек финалда жапониялық Нарита Хананы жеңген болатын. Отандасымыз аталған Азия чемпионатында жаңа салмақта сынға түсті.

Карина Ибрагимова жартылай финалда филиппиндік Нести Петесио және ширек финалда оңтүстік кореялық Им Аэджиді 5:0 есебімен ұтқан еді.

Еске сала кетейік, Иорданияда өтіп жатқан былғары қолға шеберлерінің бәсекесінде Қазақстан ерлер құрамасынан 7, әйелдер боксынан 3 спортшы финалға шыққан болатын.

Бұған дейін жеңіл салмақта сынға түскен қазақстандық Алуа Балқыбекова екі дүркін Азия чемпионы атанды.