Әлем

Қытай жүк тасымалдайтын кемесін ғарышқа аттандырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай жүк таситын «Тяньчжоу-5» ғарыш кемесін ұшырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл кеме ғарыш стансасының құрылысына қажет жүкті жеткізеді. Оның міндеті – стансаны жабдықтау.

Бұл жолы кемеде стансаның орбитасына керек жанармай және сәл кейінірек, 2022 жылдың желтоқсанында ұшатын Шэньчжоу-15 басқарылатын ғарыш кемесі экипажын қамтамасыз етуге қажет материалдар бар.

Айта кетейік, ғарыш стансасының құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

«Тяньчжоу-5» ғарыш кемесі бортына тиелген CZ-7 Y6 /Long March-7 Y6 зымырантасығышы Хайнань арал-провинциясының оңтүстік-қытай жағалауында орналасқан Вэньчан космодромынан ұшырылды.

Бұл жайында Қытай ғарыш бағдарламасы кеңсесінің мәліметінен белгілі болды.