Bugin
Алматыда 11 қарашада Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері патрульдеу кезінде жоғалған екі баланы тауып, анасына табыстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, Төле би көшесінде патрульдеу кезінде бір тұрғын сарбаздарға көмекке жүгініп, Горький атындағы саябақта екі баласы жоғалып кеткенін айтты.
«Әскери наряд бастығы кіші сержант Жалғас Жексенбек патрульдік қатардағы жауынгерлер Дәурен Құрманалы және Нұрбол Қайыппен бірге бұл жайттан патрульдік топтың бастығына дереу есеп берді. Осыдан кейін тәртіп сақшылары өзге әріптестеріне жоғалған балаларға қатысты мәліметтерді ұсынды» делінген баспасөз қызметі хабарламасында.