Bugin

Сұранысқа ие азық-түлік қымбаттады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жыл басынан бері 20,7 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы тағы 0,2 процентке көтерілді.

Бір аптаның ішінде қымбаттаған тауарлар:

- жұмыртқа, І санат + 1,6%

- пияз + 0,7%

- орамжапырақ + 0,6%

Ал сәбіз (– 0,7%) бен қант (– 0,2%) сәл арзандады.

Әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:

- түтік кеспенің (рожки) келісі – 294 теңге;

- сиыр еті, жауырын-төс бөлігінің келісі – 2 279 теңге;

- бір литр айран 2,5% – 349 теңге.

Ал жылдық мәнде осы санаттағы тауарлар 20,2%-ға қымбаттады, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 6,4 пайызға жоғары.

Айта кетері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 өнім кіреді. Олар: түтік кеспе, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ, қант, күнбағыс майы, сиыр мен тауық еті, сүт, айран, жұмыртқа.