Bugin
Украинаның арнайы жасағы азат етілген Херсон қаласына кірді. Ал президент Владимир Зеленский бұл оқиғаға тарихи күн деп баға берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Бүгін - тарихи күн. Біз еліміздің оңтүстігін, Херсонды өзімізге қайтарып жатырмыз. Арнайы бөлімшелер қалаға кіріп қойды. Херсондықтар Украинадан теріс айналмай, осы сәтті күтті. Мемлекетіміздің күткен үміті әрқашан ақталады. Украина өзіне тиесіліні әркез қайтарады», - деді Зеленский.
Еске салайық, Херсон өңірі - маңызды нысандардың бірі, себебі мұнда Украинаның порттары мен астығы бар.