Спорт
Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының ақтық сайысына шыққан 19 жасар Санжар Ташкенбай алғашқы алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан боксшысы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жапондық Аратаке Кадзумамен жұдырықтасты. Төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Санжар Ташкенбай жеңіске жетті. Осылайша ол Азия чемпионы атанды.
Еске салсақ, Санжар Ташкенбай мұның алдында үндістандық Говинд Кумар Саханимен жекпе-жек өткізді. Тартысты өткен жекпе-жекте бірінші раундта бес төрешінің үшеуі Санжар басым деп тапса, екінші кезеңде қазақстандық боксшы таразы басын түгелдей өзіне аударды. Оның үстіне, үндістандық спортшы ескерту алып, бір ұпайы шегерілді. Қорытынды есеп – 4:0 болған еді.