Әлем

Әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың Техас штатында Wings Over Dallas әуе шоуы кезінде екі ұшақ соқтығысты. Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ, деп хабарлайды Bugin.kz порталы The Dallas Morning News басылымына сілтеме жасап.

Соқтығыс сәті видеоға түсіп қалған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әуеде Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі бомбалаушы В-17 ұшағы кері бұрылып жатқан басқа ұшақпен соқтығысқаны көрінеді. Содан соң В-17 ұшағының алдыңғы бөлігі сынып, жерге қонғаннан кейін ұшақ отқа оранды.

Куәгерлердің айтуынша, соқтығысқан ұшақтардың сынықтары шоу өткен алаңның сыртына шашылып кеткен. Тіпті тас жолда да ұшақтардың сынықтары жатқан, сондықтан жолдың бір бөлігі көлік қозғалысы үшін жабылды.

Даллас өрт сөндіру және құтқару қызметінің өкілі Джейсон Эванс әуе шоуының ұшқыштары мен көрермендері арасында зардап шеккендер және қаза тапқандар туралы әлі ақпарат жоқ екенін айтты.