Технология
Аяздан жылы ғимаратқа оралғанда, смартфонды бөлме температурасында қалдырып, содан кейін ғана зарядтау керек, деп хабарлайды Bugin.kz порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
«Мегафон» қызмет көрсету бөлімінің басшысы Никита Ефимов - осы саланың маманы. Оның айтуынша, телефонды зарядтау кезінде бірнеше факторды ұмытпаған абзалырақ екен.
«Смартфонды зарядтау кезінде қоршаған ортаның температурасы сияқты факторды да ескеру қажет. Ол +10-нан төмен және +40 градустан жоғары болмауы керек. Сондықтан аяздан үйге кірген кезде асықпаңыз», - деп атап өтті сарапшы.
Бұл ереже жылы мезгілде де қолданылады: құрылғының қызып кетуіне жол бермеу керек. Зарядтау кезінде күн сәулесінде қалдырмаған дұрыс
«Смартфонға қажет шамадан ампері көбірек зарядтау құрылғысын алсаңыз, телефон жылдам қуат алады. Бірақ батарея сыйымдылығы бірте-бірте азая бастайды. Бір жылдан кейін батареяның тозуы анық көрінеді. Мысалы, iPhone-ды iPad сымымен зарядтасаңыз, сіз де батареяны тез «құртатын боласыз», - деп түсіндірді Ефимов.
Телефон қуатын үнемі нөлге дейін түсіре беруге болмайды. Бір сәтте ол қосылмауы мүмкін.