Әлем
Әлем халқының саны сегіз миллиард адамға жуықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Worldometers.info статистикалық сайтынына сілтеме жасап.
2011 жылы әлем халқының саны жеті миллиардқа жеткен.
15 тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымы 15 қарашаға қарай әлем халқының саны сегіз миллиардқа жетеді деген болжамын жариялады.
Бұған дейін The Wall Street Journal журналисі ғалымдардың болжамдарына сілтеме жасай отырып, Жер халқының саны 10 миллиардқа жете алмайтынын жазған.
Олардың мәліметі бойынша, 2070 жылдары адам саны шамамен 9,6 миллиардқа жеткеннен кейін құлдырау басталады.