Әлем
Түркиядағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде болған жарылыстың неден шыққаны әлі анықталған жоқ. Хабарламаны алғаннан кейін төтенше жағдай аймағына өрт сөндірушілер, полиция мен медицина топтары жіберілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.
Жарылыстан кейін полиция Истикляль көшесіндегі тұрғындарды эвакуациялады, осы маңдағы Таксим мешіті де жабылды. Тікұшақ әуе қауіпсіздігін тексеріп жатыр.
Қала губернаторы Йерликая бұған дейін 4 адам қаза тауып, 38 адам жараланғанын хабарлаған болатын. Ал қазіргі кезде жарылыстан қаза тапқандар саны 6-ға жетіп, 53 адам жараланғаны анықталды.
Ыстамбұл бас прокуратурасы жарылысқа қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Жарылысқа қатысты барлық бейне және аудио жаңалықтарды таратуға тыйым салынды.
Алынған мәлімет бойынша, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу мен Әділет министрі Бекир Боздаг Ыстамбұлға кеткені белгілі болды.