Әлем

Түркиядағы жарылыс: «әйел жасауы мүмкін»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркияның Ыстамбұл қаласындағы шабуылды әйел жасауы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Президент Ердоған Индонезияға сапарының алдында жиналыс өткізді, шабуыл жайлы пікір білдірді.

«Мүмкін мұны терроризм деп айтқан дұрыс емес шығар. Бірақ губернатордың оқиға жайлы айтқан алғашқы ақпараттары күдігімізді растай түседі», - деді ол.

Түркия президентінің айтуынша, қазіргі уақытта шабуылды әйел жасады деген болжам бар.

Ал вице-президент Фуат Октай осы уақытқа дейін 6 адам қаза тауып, оның 4-еуі оқиға орнында көз жұмғанын айтады. 81-і жарақат алған, олардың екеуі ауыр халде жатыр.

Фуат Октай да президент Ердоғанның сөзіне қосылады.

«Біз әзірге жарылысты әйел жасады деген ойдамыз және террорлық әрекет деп есептейміз», - деді.