Bugin
Наташа Пирц Мусар Словениядағы президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Euronews сайтына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, партиялық емес кандидат шамамен 54% дауыс жинады. Ал демократиялық партияның өкілі Андже Логар 46 пайыз дауыс еншілеген .
Словения премьер-министрі Роберт Голлоб Пирс-Сумарды жеңісімен құттықтады. Премьер-министр оның жеңісін халықтың демократиялы елде өмір сүргісі келетінінің дәлелі деп атады.
Сондай-ақ Наташа Пирц Мусар - Словения тарихындағы алғашқы әйел президент.