Bugin

Кәсіпкерлерден ақша бопсалайтын қылмыстық топ ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысатын қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысындағы арнайы операция нәтижесінде Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топтың 6 қатысушысын ұстады. Топ мүшелерінің жасы 26-дан 32 жасқа дейін.

Ұсталғандар қоқан-лоққы көрсетіп, күш қолдану арқылы жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 млн теңге бопсалап, оның Subaru Outback автокөлігін тартып алған.

«Бүгінгі күні ұсталғандардың облыс аумағында бірқатар ұқсас қылмыс жасауғаны анықталды. Жедел ақпарат бойынша бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер «ұрылар идеологиясын» ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған. Сондай-ақ топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған. Мұнда олар кәсіпкерлерге талап қою үшін түрлі сылтау айтқан»  делінген хабарламада.

Тінту барысында жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық қару, атыс қаруы тәркіленді. Осы фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі «Бопсалау»  бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілер қамауға алынып, тергеу жалғасып жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61