Bugin

Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде қола медальға ие болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Словакияда өткен WTT Youth Contender Senec 2022 халықаралық үстел теннисі турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік өнер көрсетті.

Алан Джамдиэль Торресті (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичті (Польша), Степан Брхельді (Чехия), Рохелио Кастроны (Мексика), Андре Бертельсмайерді (Германия) жеңіп, үшінші орынға ие болды.

Бұл турнирде қазақстандық Санжар Жұбанов үш кезеңде жеңіске жетіп, 1/8 финалға өтті.