Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comБиыл азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемденуге қатысты 17,5 мың қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі таңда азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену қылмыстардың ең көп тараған түрі саналады. Сондықтан алаяқтықтарға қарсы іс-қимыл елімізде және бүкіл әлемде болып жатқан өзекті мәселелердің бірі ретінде қалып отыр», - деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, алаяқтар азаматтарды алдау үшін әр түрлі амал қолданады. Сол себептен мұндай қылмыстардың саны жылдан жылға көбейіп келеді.
«Жыл басынан бері 17,5 мың қылмыс тіркелді. Дегенмен өткен жылы 17 900 қылмысты құраған көрсеткіштен төмен. Алаяқтардың іс-әрекеті салдарынан жыл басынан бері азаматтарға 15 млрд теңге шығын келтірілді», - деді Рүстем Дүйсетаев.
Орталық бастығы орынбасарының дерегінше, 6 айдың ішінде онлайн-саудаға қатысты 6 мыңға жуық алаяқтық жасалған.
Сонымен қатар банктер мен микрокредит ұйымдарында жалған онлайн-займ рәсімдеудің 2,8 фактісі тіркелген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61