МӘДЕНИЕТ

Күзде көруге ұсынылатын 7 фильм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Күз аяқталуға таяп, сыртта жаңбыр жауып, салқындай бастағанда, жайлы орныңызға жайғасып, кешті жақсы фильм көрумен өткізетін уақыт келді. Романтикалық комедияларды, отбасылық драмаларды немесе қызық детективті туындыларды ұнатасыз ба? Bugin.kz ұсынған тізімнен сіз кез келген жанрдағы күзгі атмосфераны сыйлайтын фильмді таба аласыз. 

kinopoisk.ru

kinopoisk.ru
kinopoisk.ru

Тәтті қараша
Рейтинг 7.7    
2001 жыл        
Драма, мелодрама 
АҚШ
Режиссері: Пэт О'Коннор
Басты рөлдерде: Киану Ривз, Шарлиз Терон, Джейсон Исаакс, Грег Германн
Күз - мелодрамаларды тамашалауға арналған мезгіл. «Тәтті қараша» - кездесу кезінде немесе жаңбырлы кеште көруге ұсынылатын тамаша фильм. Күздің соңғы айы, өзгеру мезгілі, бас айналдыратын романтика және Киану Ривз бен Шарлиз Теронның әдемі экрандық дуэті екі сағат бойы назарыңызды аударып, көріп болған соң, жүрегіңізде кішігірім мұң қалдырады.

film.ru

film.ru
Нью-Йорктегі күз
Рейтинг 7.44    
2000 жыл      
Драма, мелодрама
АҚШ
Режиссері: Джоан Чен
Басты рөлдерде: Ричард Гир, Вайнона Райдер, Энтони ЛаПаглиа, Элейн Стрих
Уилл (Ричард Гир) мен Шарлоттаның (Вайнона Райдер) қарым-қатынасы мәңгілікке созыла алмады. Ал мәселе бір-бірін сүйген жандардың темпераментінің әртүрлілігі мен жас айырмашылығында ғана емес, сонымен қатар жас қыздың ауыр дертке шалдығуында еді. Дегенмен үмітсіздік қос ғашықтың махаббатын тоқтата алмады. Шарлотта аз уақыт ішінде, мүмкіндігі барда барлық нәзік сезімді басынан өткергісі келеді. Ал Уилл болса, өзінің ғашығын құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.
Джоан Ченнің мелодрамасында көрерменді күзбен байланыстыратын атрибуттар мен сахналар көп болғандықтан, күзді толық сезіне аласыз. Жүрегі жұмсақ, әсершіл адамдар бет орамал дайындап қойғаны жөн.

imdb.com

imdb.com

Өгей ана

Рейтинг: 8.0               

1998 жыл       

Отбасы, драма                

АҚШ

Режиссері: Крис Колумбус

Басты рөлдерде: Эд Харрис, Джулия Робертс, Лиам Айкен, Сюзан Сарандон, Линн Уитфилд, Мэри Луиза Уилсон, Андре Блэйк, Джена Мэлоун, Даррел Ларсон, Рассел Харпер Изабель (Джулия Робертс) оны зұлым өгей шеше ретінде көретін асырап алған балалары, он екі жасар Анна (Джена Мэлоун) мен алты жасар Бенді (Лиам Айкен) қуантқысы келеді. Анна мен Беннің анасы Джеки (Сюзан Сарандон) да Изабельді жақсы көрмейді, бірақ өзінің айықпас ауруын біліп, балаларының бір күні сол бұрынғы күйеуінің әйелімен қалатынын түсінеді.

Көптеген отбасылық драмалар сияқты «Өгей ана» - жайлылық пен жылулық сезіміне толы. Фильмнің бір бөлігі күзде өтетініндіктен кейіпкерлердің сәнді киімдері күз мезгілін толық сезіндіреді. Күздің барлық реңктері мен алтын маусымның тартымдылығы да айқын көрінеді.

br.Pinterest.com

br.Pinterest.com

Өлі ақындар қоғамы

Рейтинг 8.21 

1989 жыл

Драма            

АҚШ

Режиссері: Питер Вейр

Басты рөлдерде: Робин Уильямс, Роберт Шон Леонард, Этан Хоук, Джош Чарльз, Гейл Хансен

Ұлдарға арналған жабық академия, тамаша үтіктелген формалар, поэзияға деген сүйіспеншілік және Робин Уильямстың өлең оқығаны - нағыз  күз кешінде тамашалайтын ерекше фильм.

Консервативті колледжге жаңадан ағылшын тілі мұғалімі Джон Китинг келеді. Китинг мырза жасөспірімдерді бірден өзіне баурап алады. Оқытушы оқу орнының қатып қалған дәстүрлерінің құрсауында қалған студенттермен қарым-қатынас жасау үшін әдеттен тыс әдістерді қолданады. Жастарға басқалардың қысымына қарамастан, өздерін табудың және ішкі күйін қалыпты сақтаудың қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектеседі.

denglish.club

denglish.club
denglish.club

Пышақтарды алу

Рейтинг 7.8      

2019        

Триллер, драма, комедия, қылмыс, детектив              

АҚШ

Режиссері: Риан Джонсон

Басты рөлдерде: Майкл Шеннон, Джейми Ли Кертис, Дэниел Крейг, Крис Эванс, Дон Джонсон, Ана де Армас

Әйгілі криминалист, отағасы (Кристофер Пламмер) күтпеген жерден қайтыс болғанда, жұмбақ істі шешу үшін детектив Бенуа Бланк (Дэниэль Крейг) отбасының әр мүшесімен сөйлесе бастайды. Бастапқы нұсқа - суицид, бірақ жауап алу кезінде детектив отбасы мүшелерінің әрқайсысы қылмыскер болып шығуы мүмкін екенін түсінеді.

Туыстарының арасында марқұмның медбикесі де бар (Ана де Армас), ол физикалық түрде өтірік айта алмайтын. Бұл Бенуаға тергеуді жеңілдетеді. Фильм кейіпкерлері айтқан өтіріктердің шиеленіскен торы сізді ең соңына дейін бас қатырғызып қояды.

kinoblog.tv

kinoblog.tv

Тәкаппарлық пен жаңсақтық 

Рейтинг 7.8                

2005            

Франция, Ұлыбритания                

Мелодрама

Режиссері: Джо Райт (Өтелеу, ең қараңғы сағат)

Сценарий: Дебора Моггак (Мариголд қонақ үйі: Экзотиканың ең жақсысы)

Рөлдерде: Кира Найтли, Мэттью Макфадьен

Элизабет Беннет пен Дарси мырзаның дұшпандықтан басталған сезімі мәңгілік классиканың біріне айналған.

Оқиға қалаға бай мұрагер мистер Бинглидің одан да бақуатты, бірақ өте жұмбақ досы Мистер Дарсимен келуімен бассталады. Бірден екі бай кавалердің келуі барлығын, әсіресе, Беннет отбасының отанасын қатты қуантады. Бірақ Дарси мырзаның тым тәкаппарлығы бар қыздың көңілін қалдырады. Ал Элизабет Беннет сияқты еркіндікті сүйетін романтиктердің қоғам пікірінің қысымына оңай еретіні сөзсіз. Осылайша табиғаты қарама-қарсы көрінетін адамдардың арасында ұқсастықтардың тым көптігі фильмді тіпті әсерлі етеді. 

kino-teatr.ru

kino-teatr.ru

Дәмдеуіштер мен құмарлықтар 

2014        

АҚШ

драма, комедия, романтика

Режиссері: Лассе Халлстрем (Хачико, Құрметті Джон)

Сценарийі: Стивен Найт (Peaky Blinders, Allies)

Рөлдерде: Хелен Миррен, Ом Пури, Маниш Даял, Шарлотта Ле Бон

MovieSearch: 7.5

IMDb: 7.3

Мишлен жұлдызы бар классикалық француз мейрамханасының иесі Мадам Мэллори - қатал әрі талғампаз. Ол аспаздың қалай даярлайтынын бір қасық тамағының дәмін татып, бірден біле алады. Бұл мейрамханада министрлер мен аристократтар тамақтанатындықтан, барлығын грамына дейін тексереді.

Күндердің бір күні күтпеген жерден бұл аймақты кардамон мен куркума хош иістеріне толтыру ниетімен үнді босқындарының отбасы пайда болады. Мадам Мэллори жаңа көршілерінен бәсекелес емес, өзінің имиджіне қауіп төндірушілерді көреді. Бірақ үнділер отбасында тамаша аспаз Хасан барын білгенде, жағдай өзгереді. Бала кезінен-ақ әр көкөністің, әр дәмнің  жанын сезінетін, тіпті адамдарды да оп-оңай түсінетін Хасан аз уақытта Провансты жаулап алады. Болашақта оның Париж, Милан, Нью-Йорк және бүкіл әлемді жаулауға мүмкіндігі бар. Немесе Францияның оңтүстігіндегі шағын және жайлы қалада мәңгілікке орнығуы да ғажап емес.