Әлем
Ресейде мобилизация басталғалы военкоматтарға шабуыл жасау сегіз есеге артқан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
24 ақпаннан бері БАҚ @Avtozaklive және The Moscow Times жариялаған ашық деректерге сүйенсек, әскери комиссариат, әкімшілік ғимарат, қалалық әкімдік сынды мекемелерді 68 рет өртеп жіберген және екі әскери комиссариатта атыс болған.
Мобилизация басталғанға дейін осындай 25 оқиға болса, басталғаннан кейін 45 шабуыл болды. Заң бұзушылар айтарлықтай зиян келтірді деу қиын. Алайда өртке оранған бірнеше ғимараттағы мұрағаттар күлге айналған.
Соғыстың алғашқы жеті айында орта есеппен 8,4 күнде бір мәрте өрт болған. 22 қыркүйектен кейін военкомат пен әкімшілік ғимараттарға күніне бір реттен шабуыл жасалды. Осылайша, 30 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі күдіктілердің лаңкестік әрекеті үшін жауапқа тартылатынын хабарлағанымен, жұмылдыру басталғаннан бері шабуыл жиілігі сегіз есеге дейін артқан.
Бұл бап 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Мобилизацияға дейін өртеушілер негізінен «мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» (Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 167-бабы) бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырылған.
Әскери комиссариаттар мен мемлекеттік мекемелерге шабуылдар 42 аймақта болды. Бұл - Ресей субъектілерінің жалпы санының жартысына жуығы. Ішкі істер қызметкерлері шабуыл жасады деген күдікпен 37 азаматты ұстаған. Күдіктілердің көбі - 30 жасқа толмағандар.