Bugin
Шымкент полициясы тойда аспанға оқ жаудырған екі тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармаға біреулер қалада өтетін тойдың аяғында отшашудың орнына оқ атылатынын айтқан. Ал жедел қызметкерлер оқиға орнына қонақ ретінде барған.
«Ақпарат рас болып шықты: түн ортасында үйлердің бірінде екі қонақ аспанға бірнеше рет оқ атты», – дейді полицейлер.
Жедел қызметкерлер оқ атқандарды ұстап, нөмірі өшірілген АКСУ-47 жауынгерлік автоматы және АК-74 автоматын тәркіледі. Криминалистер оқиға орнынан 20 шақты гильза тапқан.
Қазір заңсыз қару ұстауға қатысты соталды тергеу жүріп жатыр.