Bugin

5 жігіт кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында бес жігіт кәмелет жасына толмаған қызды зорлаған. Қазіргі сәтте сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі видеода 15 жастағы қыздың өкілі қылмыстың қалай жасалғанын айтқан. Оның сөзіне қарағанда, жасөспірімді лоджияда қамап қойған. Кейін үйдің иесі оны асүйге кіргізіп, зорлаған. Одан кейін достары кезек-кезек кірген.

Шымкент қалалық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, бұл қылмыс Абай ауданында тіркелген. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 3-бөлігі («Зорлау, адамдар тобымен жасалған әрекет») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, осы қылмыс үшін тоғыз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.