Bugin
Жамбыл облысында 601 млн теңге салық төлеуден жалтарған кәсіпкер 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті «АНК-Энерго» ЖШС директоры Түлкібаев Б.Т.-ға қатысты 601,5 млн теңгеге жуық соманы бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Нәтижесінде сот үкімімен Түлкібаев Б.Т. кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды» делінген хабарламада.
Мәліметке сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ЖШС-нің 285,8 млн теңге мүлкіне тыйым салынды.