Bugin
Астанада үшем мерзімінен бұрын дүниеге келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Нәрестелердің ата-анасының есімі – Сәбит пен Марал. Олар №2 көпбейінді қалалық аурухананың дәрігерлеріне алғыс айтып жатыр. Жас ана жұбайының жанында медбике болып қызмет істейді. Жұбайы – тіс дәрігері. Олар алғаш рет ата-ана атанып отыр. Ал балаларға есімдерін атасы қойған. Үшемдердің әрқайсысының салмағы – шамамен мың грамм.
«Ота жасаған және жалпы №2 КҚА-ның акушерлік блогына рақмет айтамын. Медицина мекемелерінде қолайлы жағдай жасап, заманауи жабдықтармен қамтамасыз еткені үшін және мамандардың жоғары кәсібилігі үшін алғысым шексіз. Сіздердің арқаларыңызда бүлдіршіндеріміз толыққанды өмір сүруге және жарқын болашаққа құқылы», - деді үшемнің анасы Марал Соппек.
Еске салайық, шілде айында Ақтөбеде дүниеге келген үшемге де Қасым, Жомарт, Кемел есімдері қойылған.