Қоғам

«Мұхтар Шаханов қарттар үйінде тұрып жатыр ма?»: Ақын видео үндеу жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі ақын, қоғам қайраткері, «Жалын» журналының бас редакторы Мұхтар Шаханов өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін мәлімдеді. Видео YouTube-та жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Мен өз үйімде отырмын. Мына жерде менің толып жатқан кітаптарым, түрлі адамдармен түскен суреттерім  тұр. Мен туралы өсек таратқандарды кешірмеймін. Оларды керек болса, сотқа беремін. Себебі менің әйелім Ханшайым мен дегенде ішкен асын жерге қояды. Сол әйелімнің арқасында, Құдайға шүкір, осылай аман-сау келе жатырмын. Сондықтан маған былапыт сөздер айтып, абыройымды төккен адамдарды, керек десе, халықаралық сотқа беремін, көкесін танытамын...» - дейді белгілі ақын. 

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде ақынды балалары қарттар үйіне өткізіпті деген хабар тараған.