Bugin

Шығыс Қазақстан облысында ер адам 34 жыл құжатсыз өмір сүрген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шығыс Қазақстан облысында ер адам 34 жыл құжатсыз өмір сүрген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс орталығының 54 жастағы тұрғыны 1988 жылы ата-анасымен бірге Өскеменге көшіп келгенін, сол кезден бастап ешқашан қала сыртына шықпағанын айтқан. 

Азаматтардың жеке басын куәландыратын қандай да бір құжаттарының болмауына байланысты денсаулық сақтау, білім беру, қажетті жәрдемақылар мен зейнетақыларды рәсімдеу қызметтерін алуы шектеледі. Сондай-ақ олардың ресми жұмысқа орналасуға мүмкіндігі жоқ.

"20 жасында құжаттарын жоғалтқан ер адам отбасылық жағдайына байланысты ҚР азаматының жеке куәлігін уақытында рәсімдей алмаған. Қазіргі уақытта көші-қон қызметінің көмегімен ер адам көптен күткен құжатын алып, мемлекеттік қызметтерді пайдалана бастады",- делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан полицейлері 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжатын ауыстырмаған 125-тен астам адамды анықтаған. Осыған байланысты ШҚО полиция департаменті қандай да бір себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметіне жүгінуді ұсынады.