Әлем

Ақ үй АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын жалғастыратынын жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Иран шенеуніктері мен үкімет құрылымдарына наразылық шерулерін басып-жаншу үшін біржақты шектеулер енгізуді жалғастырады. Бұл туралы Bugin.kz порталы ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім АҚШ президенті Джо Байденнің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның жазбаша мәлімдемесінен кейін белгілі болған. Ол Ираннан шерушілерді жаппай ұстау, демонстранттарға қатысты жалған соттар, сондай-ақ олардың біреуін өлім жазасына кесу туралы хабарларға байланысты Американың алаңдайтынын атап өтті.

«Америка Құрама Штаттары дүние жүзіндегі серіктес және одақтастарымен бірге қазіргі заң бұзу әрекеттеріне кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін санкциялар және басқа да құралдар арқылы жұмысты жалғастырады» делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Еуропалық Одақ (ЕО) елдері ел үкіметіне қарсы шерулер кезінде «адам құқықтарының өрескел бұзылуына» байланысты Иранға қарсы жаңа санкциялар пакетін енгізуге бірауыздан келіскені хабарланған еді. Санкциялық тізімге 31 жеке және заңды тұлға енгізілді.